Аймақтар
1 мин оқу 384

Семейде жасөспірім жүк көлігінің астына түсіп қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Семей қаласында жасөспірім жүк көлігінің астына түсті, &nbsp;деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 13 ақпанда сағат 16:40 шамасында болған. Жүк тиелген КамАЗ-ды тіркемесімен сүйреп бара жатқан Shasman жүк көлігінің жүргізушісі Глунки көшесінен айналма жолға шыға бергенде «Көктем» сауда үйінің жанындағы жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан адамды қағып кетті. Семей қаласының 16 жастағы тұрғыны оқиға орнында тіл тартпастан қайтыс болған.

«Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Бөлісу:
Семейде жасөспірім жүк көлігінің астына түсіп қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар