1 ақпаннан бері Батыс Қазақстанда коронавирустың 889 жағдайы анықталды
<p style="text-align: justify;">1 ақпаннан бері Батыс Қазақстан облысында COVID-19-дың 889 жағдай анықталған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Оның ішінде ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген адамдар – 46%, жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде – 30%, профилактикалық мақсатта тексерілген – 14,6%, стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған – 9,2% анықталған.
Өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдықтың 11,0%-ға төмендеуі байқалған.
Коронавирус инфекциясы: жұмыс істейтін адамдар 29,1%, зейнеткерлер 29,6%, жұмыс істемейтін тұлғалар 23,9%, оқушылар 6,5%, мұғалімдер 2,6%, медицина қызметкерлері 3,4%, студенттер 1,1%, ұйымдастырылмаған балалар 1,3%, балабақша тәрбиешілері 1,1%, ұйымдастырылған балалар 0,7%, күш құрылымдары 0,6% арасында анықталып отыр.
1 қаңтардан бастап мониторингтік топтар ҚР және облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулысына сәйкес, санитарлық-дезинфекциялық режим талаптарын бұзудың жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда. Мониторинг топтарымен 796 рейд жүргізіліп, 7437 нысан қамтылды. 25 нысанда бұзушылықтар анықталды. 64 хаттама толтырылып, 3 850 440 теңгеге айыппұл салынды.