Медицина
1 мин оқу 143

Қызылорда облысында жалпы 735 адам вакцина салдырды

<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысында 1-12 ақпан аралығында 735 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырды. Облыста 3697 адам қатерлі індеттің құрығына ілікті. Олардың арасынан 3574-і сырқатынан құлан-таза айықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Өткен тәулікте өңірде аталған ауру бойынша 18 науқас тіркелді. Науқастардың 15-і Қызылорда қаласының, қалғаны Қармақшы ауданының тұрғындары.

Аймаққа ақпан айының басында ресейлік «Спутник V» вакцинасының 1000 дозасы жеткізілген. Екпе егу алғашқы кезеңде медицина саласының, оның ішінде қабылдау, жұқпалы аурулар, жансақтау және хирургиялық бөлім қызметкерлеріне жүргізілуде. Ал келесі кезеңде мұғалімдерге және жұқтыру қаупі неғұрлым жоғары жұмыс орындарының қызметкерлеріне салынады.

«Барлығы дәрігерлер бақылауында, денсаулығына шағымы жоқ. Мына әлемді жайлаған індеттің таралу қаупін тек екпе салдыру арқылы ғана төмендете аламыз», дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары.

Бөлісу:
Қызылорда облысында жалпы 735 адам вакцина салдырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар