Спорт
1 мин оқу 613

Қуат Хамитов келесі жекпе-жегін қайда өткізеді?

<p style="text-align: justify;">Аралас жекпе-жек файтері, қазақстандық спортшы Қуат Хамитов келесі жекпе-жегін көктемде өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Бұл туралы  «Найман» өзінің Instagram-дағы парақшасында: «Келесі жекпе-жекті Қазақстанда Рамазанға дейін өткіземін!», деп жазды.

Айта кетейік, биыл қасиетті Рамазан айы 14 сәуірде басталады.

Қуат Хамитовтың соңғы жекпе-жегі қаңтар айында Магнитогорск қаласында (Ресей) өтті. Онда ол 50 секунд ішінде ресейлік Максим Пантелеевті нокаутқа түсірген еді.

Сондай-ақ өткен айдың соңында Хамитов Алмалы аудандық соты дезинфекторларға қатысты зорлық-зомбылыққа шақырғаны үшін оның алты айға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарған. Сондықтан Хамитовке осы уақыт аралығында  елден кетуге тыйым салынды.

Бөлісу:
Қуат Хамитов келесі жекпе-жегін қайда өткізеді? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар