Аймақтар
1 мин оқу 415

Алматыда ірі сауда ортылығы отқа оранды

<p style="text-align: justify;">Бүгін, 14 ақпанда сағат 8:56-да Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары &laquo;Домиллион&raquo; сауда ойын-сауық орталығының екінші қабатында шыққан өртті сөндіруге жөнелтілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Келген сәтте ғимараттың ішіндегі  қоймалардан қатты түтін шығып жатқаны анықталды. Шұғыл өрт оқпандары беріліп, жедел штаб құрылды. Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 09:46-да сөндірілді.  50 шаршы метрді шарпыған  өрт сөндіру және түтінді жоюдың автоматты жүйесі дер кезінде іске қосылып, бұл өрттің таралуына жол берілмеді. Оқиға орнында 24 бірлік техника, жеке құрамнан және қаланың өзара іс-қимыл қызметінен 79 адам жұмылдырылды», деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:
Алматыда ірі сауда ортылығы отқа оранды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар