Аймақтар
1 мин оқу 250

Қоймаға түскен ұры ұсталды

<p style="text-align: justify;">СҚО Қызылжар ауданы Соколов кентіндегі &laquo;Дизель&raquo; ЖШС қоймасына құлпын бұзып желтоқсан айының ортасында ұры түскен еді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Қоймаға түскен ұры ұсталды

Қаскүнем қымбат станоктардың құрылғыларын, электрмоторды, түрлі маркалы кабель сымдарын қолды еткен. Цехқа орнатылған бейнебақылау жүйесін де  істен шығарған, бейнетіркеуіш жоғалған.

Сол ұрлық жуырда Соколов кенті полиция бөлімшесінің және Қызылжар ауданының ПБ криминалдық полиция бөлімінің күшімен ашылды. Оны істеген Соколов кентінің 1995 жылғы тұрғыны ұсталды. Ол жалға алынған көрші цехта жұмыс істеп, бұрын да ұрлық қылып, жұмыстан қуылған екен. Электрқұрылғыларымен жұмыс істеуді жақсы меңгерген.

Ұры кінәсін мойындады. Қызылжар ауданы ПБ бастығының орынбасары полиция майоры Бахтияр Есімов оның үстінен қылмысты іс қозғалып, Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілгенін айтты. Ұрыға қатысты келуі туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Ұрланған заттардың бір бөлігі иесіне қайтарылды.

Бөлісу:
Қоймаға түскен ұры ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар