Теннис
1 мин оқу 220

Жерлестеріміз үшін жарыс аяқталды

<p style="text-align: justify;">Бұл күндері Мельбурн қаласында өтіп жатқан Аустралияның ашық чемпионаты қазақстандық спортшылар үшін мәресіне жетті. Жерлестеріміз арасында жарысты жалғастырған Зарина Диас, Юлия Путинцева мен жұптық сында бақ сынаған Александр Бублик пен Андрей Голубев қарсыластарынан жеңіліп қалды.</p>

Жерлестеріміз үшін жарыс аяқталды

З.Диас үшінші кезеңде испаниялық Г.Мугурусадан жеңілсе, Ю.Путинцева әлемнің бесінші ракеткасы украиналық Элина Свитолинадан ойсырай ұтылды – 6:4, 6:0. Сөйтіп жекелей сындағы Қазақстанның қалған екі спортшысы да жарыстан шығып қалды.

Қалған үміт жұптық сында өнер көрсетіп жатқан жігіттерімізде еді. Өкінішке қарай, олар да жарыстың төртінші айналымында жеңіліп, ширек финалға шыға алмады. Сальвадорлық Марсело Аревало мен нидерландық Матве Мидделкоппен кездес­кен жерлестеріміз тартысты өткен бәсекеде 7:6, 7:6, 6:3 есебімен жол берді.

Бөлісу:
Жерлестеріміз үшін жарыс аяқталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар