Қазақстан
1 мин оқу 420
Еліміздің 7 қаласында ауа сапасы нашарлайды
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы 15 ақпан күнгі ауа сапасы туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қолайсыз метеорологиялық жағдай Ақтау, Алматы, Қарағанды, Талдықорған, Қызылорда, Нұр-Сұлтан және Павлодар қалаларында болады. Өзге шаһарларда метеоахуал қалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу: