Қоғам
1 мин оқу 340

Анасына әдепсіздік танытқан ұлға айыппұл салынды

<p style="text-align: justify;">Успен ауылының тұрғыны ұлының әдепсіздігіне шағымданды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="http://pavlodarnews.kz/kz/">Pavlodarnews.kz</a>&nbsp;сайтына сілтеме жасап.</p>

«Тұрмыс» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Павлодар облысы Успен ауданының полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы отбасылық-тұрмыстық саладағы бұзушылық фактісін анықтады.

- Ауланы аралау кезінде Успен ауылының тұрғыны полицейге өзінің 35 жасар ұлының мінез-құлқына шағымданды. Ол анасын дөрекі сөйлеп, балағат сөздер айтады. Бұл азамат аталған факті бойынша қайтадан жауапқа тартылып жатыр, - деді Павлодар облысы Успен ауданының полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Әсет Садықов.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері ер адамға қатысты ҚР ӘҚБК 73-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Сондай-ақ құқық бұзушының мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу:
Анасына әдепсіздік танытқан ұлға айыппұл салынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар