Әлем
1 мин оқу 320

Гвинеяда Эбола эпидемиясы басталды

<p style="text-align: justify;">Гвинея билігі ресми түрде елдің оңтүстік-шығысында Эбола эпидемиясының басталғанын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Гвинеяда Эбола эпидемиясы басталды

Гвинея үкіметі Нзерекоре префектурасы мен Гуэке аймағында Эбола вирусының (EVD) эпидемиясы туралы мәлім етті.

14 ақпанда елдің денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен өткен дағдарыстық кеңесте эпидемияға қарсы іс-қимылдың бірқатар шарасын жүзеге асыру, соның ішінде Эболамен байланыста болуы мүмкін кез келген адамды анықтау және оқшаулау туралы шешім қабылданды.

Гвинея үкіметі ұсынған мәліметтерге сәйкес, алғашқы EVD жағдайы Гуэке қаласында 28 қаңтарда қайтыс болған медбикемен бірге тіркелген.

Бүгінгі таңда Эболамен ауыруы мүмкін жеті адам анықталып отыр. Олардың барлығы медбикені жерлеуге қатысқан. Ауру жұқтырғандардың бірі ел астанасы Конакриде тұратын болып шықты.

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ

Бөлісу:
Гвинеяда Эбола эпидемиясы басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар