Қоғам
1 мин оқу 4,590

Наурыз мерекесі 10 күн тойланады

<p style="text-align: justify;">Үкімет бекіткен тұжырымдамаға сәйкес қазақстандықтар әз Наурыз мерекесін 10 күн тойлауға ниетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Осы орайда Мәдениет және спорт министрлігі Президенттің тапсырмасы аясында «Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын бекіту туралы» үкімет қаулысының жобасын әзірлеп, оны «Ашық НҚА» порталына жариялады.

Жобада Наурыз мейрамын тойлауға байланысты іс-шараларды 10-24 наурыз аралығында 10 күн бойына өткізу жоспарланғаны көрсетілген.

Тұжырымдаманы іске асырудың тетіктері келесідей болады:

14 наурыз – «Көрісу күні»

15 наурыз – «Жайлау күні»

16 наурыз – «Шежіре күні»

17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні»

18 наурыз – «Игі істер күні»

19 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік күні»

20 наурыз – «Зияткерлік күні»

21 наурыз – «Ұлттық тағамдар күні»

22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күні»

23 наурыз – «Жоралғы күні»

Сондай-ақ тұжырымдамада одан күтілетін нәтижелер де баса көрсетілген:

1) отбасыны және қоғамды ұйыстыратын құндылықтар нығаяды;

2) экологиялық мәдениетті қалыптастыру, аумақты абаттандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру деңгейі артады;

3) қайырымдылық пен меценаттықтың мәдениеті қалыптасады. Жаппай санада оларды нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізіледі;

4) ұлттық бірегейлікті нығайту, қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін көрсету бойынша бұқаралық іс-шаралар өткізіледі;

5) Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі күшейтіледі, жалпы қазақстандық құндылықтар, эволюциялық даму мәдениеті қалыптасады және нығаяды.

Бөлісу:
Наурыз мерекесі 10 күн тойланады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар