Оқиға
1 мин оқу 484

Өскеменде тұрғын үйден өрт шығып, кейуана қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Өскемен қаласында &laquo;Восточник-3&raquo; саяжай қарамағындағы жер үйден өрт шығып, зейнеткер қайтыс болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткенде тілсіз жау кіреберістің ағаш құрылымдарын, шатырды, есікті, жеке заттар мен жиһазды шарпып жатты. Жалын шарпыған аумақ – 28 шаршы метр.

«Құтқарушылар үй ішінен 1949 жылғы әженің денесін тапты. Ол иіс тиіп көз жұмған. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болды» делінген хабарламада.

Айта кетейік, облыста 12 мен 15 ақпан аралығында жер үйлерде 9 өрт болған.

Бөлісу:
Өскеменде тұрғын үйден өрт шығып, кейуана қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар