Аймақтар
1 мин оқу 390

Атырауда өртенген көліктің жүргізушісін таппай жатыр

<p style="text-align: justify;">Атырауда полиция қызметкерлері жол жиегінде өртенген көліктің жүргізушісін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Атырауда өртенген көліктің жүргізушісін таппай жатыр

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізуші өртенген көлігін оқиға орнында тастап, кетіп қалғаны белгілі болды.

«Кеше, 14 ақпанда сағат 04:20 шамасында «Атырау-Астрахань» бағытындағы тас жолының айналма бұрылысында «Chevrolet Cobalt» автокөлігі жол жиегіндегі бордюрге соқтығысқан. Жүргізуші соның салдарынан өртенген көлікті оқиға орнында қараусыз қалдырып  кеткен. Қазір атыраулық полицейлер көлік жүргізушісін іздестіріп жатыр», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Бөлісу:
Атырауда өртенген көліктің жүргізушісін таппай жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар