Аймақтар
1 мин оқу 300

Атырауда мұнай өнімдерімен ластанған аумақ тазартылып жатыр

<p style="text-align: justify;">Бұрын &laquo;Ақжайық&raquo; жуу-булау стансасы Атырау қаласының аумағында орналасқан еді. Қазір станса басқа жерге көшірілгенмен, мұнай өнімдерімен ластанған аумақ әлі тазартылып болған жоқ, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда мұнай өнімдерімен ластанған аумақ тазартылып жатыр

Облыстық экология департаменті баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа қарағанда, қазір  стансаның бұрынғы аумағында арнайы техникамен тазалау жұмысықолға алынды.

«Қазақстан темір жолы» АҚ өкілдері 1 наурызға дейін «Ақжайық» ЖБС аумағын мұнай өнімдерінен тазартып жатыр. Бұл аумақтағы ластанған топырақ пен қалдықтарды  бетондалған бассейндерге жинап, кейін шығарады. Аталған мерзімге дейін станса  аумағындағы атқарылып жатқан жұмыс қадағаланады» дейді департамент басшысы Әлібек Бекмұхамбетов.

Бөлісу:
Атырауда мұнай өнімдерімен ластанған аумақ тазартылып жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар