Қазақстан
1 мин оқу 294

Шекараны қорғауға азаматтарды тарту қағидалары өзгертілді

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мемлекеттік шекараны қорғауға азаматтарды тарту қағидалары өзгерді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

***

 «Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы №866 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы№ 866 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 706-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларында: 15-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Мемлекеттік шекараны қорғауға одан әрі қатысуын болғызбайтын мән-жайлардың басталуы (психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының), Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес айналадағылар үшін қауіп төндіретін өзге де аурудың анықталуы, азаматтың қайтыс болуы);».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

 А. Мамин

Бөлісу:
Шекараны қорғауға азаматтарды тарту қағидалары өзгертілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар