Тағайындау
1 мин оқу 612

Атырау қаласының әкіміне жаңа орынбасар тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымын Ерболат Умаров атқаратын болды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Атырау қаласының әкіміне жаңа орынбасар тағайындалды

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек,  Ерболат Болатжанұлы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ді бітірген. Екі шет тілін меңгерген халықаралық құқық маманы.

Еңбек жолын 2001 жылы заңгер болып бастады. 2005 жылдан бері сот органдарында, мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. 2009-2013 жылдары Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, 2013-2015 жылдары Мақат ауданының әкімі болған.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің басшысы лауазымын атқарып келді.

Бөлісу:
Атырау қаласының әкіміне жаңа орынбасар тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар