Аймақтар
1 мин оқу 280

Қызылордада шағын автобус өртеніп кетті

<p style="text-align: justify;">Қызылордада жеңіл автокөлік толығымен өртеніп кетті.</p>

Оқиға бүгін, 15 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 18.10 шамасында болды. Облыс орталығында орналасқан Қорқыт ата көшесінің бойындағы теміржолдың астынан өтетін көпір маңында шағын автобус өртенген.

«Оқиға орнына № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 1 техника 5 қызметкер барды. Мамандар барған сәтте «Mitsubishi» микроавтобусы жанып жатқан. Онда мінген жолаушылардың барлығы аман. Өрт 18:18-де сөндірілді», деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.

Сондай-ақ, бұдан бұрын Қызылордада Ресейге кетіп бара жатқан жүк көлігі толық өртеніп кетті.

Бөлісу:
Қызылордада шағын автобус өртеніп кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар