Қазақстан
1 мин оқу 670

Қай елдер гуманитарлық көмек жіберді?

<p style="text-align: justify;">Пандемия қыспаққа алған 2020 жылы елімізге бір&shy;қа&shy;тар мемлекеттен гума&shy;ни&shy;&shy;&shy;тар&shy;лық көмек кел&shy;ге&shy;ні бел&shy;&shy;гілі. Тіпті, келген зат&shy;тар&shy;&shy;дың &shy;&laquo;СҚ Фар&shy;ма&shy;ция&raquo; қой&shy;&shy;ма&shy;сында айлап жатып қа&shy;лып, оның соңы қо&shy;ғам&shy;дық шу&shy;ға ұласқанын да ел әлі ұмыта қойған жоқ. Қа&shy;&shy;&shy;зақ&shy;&shy;&shy;&shy;с&shy;танның өзі басқа ел&shy;&shy;&shy;дер&shy;&shy;ге 3 млн доллар кө&shy;ле&shy;&shy;мін&shy;де гуманитарлық кө&shy;мек жі&shy;бер&shy;ген.</p>

Қай елдер гуманитарлық көмек жіберді?

Қазақ­станға былтыр жалпы көлемі 19 млн доллардың көмегі келген. Соның тең жартысы Қытайға тиесілі екен. ҚХР Қазақстанға 10 млн доллар көле­мінде кө­мек аттандырған. Негізі пан­демияға дейін, 2019 жылы Қытайдан бірде-бір гума­ни­тарлық көмек алмаппыз. Ал 2019 жылы бізге көмек көр­сету бойынша Германия көш бас­таған. Немістер көмек легін 2020 жылы да жалғастырып, 2,2 млн дол­ларға бағаланатын қажетті зат­тар жіберген. Де­ген­мен бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыс­тыр­ғанда 3,7 есе аз. Одан кейінгі орын­дарда Үндістан және Катар елдері тұр. Ал АҚШ-тың бізге жіберген көмегі 3,1 млн дол­ларға бағаланады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,4 есе көп.

Былтыр ақшалай түрде алын­­ған гуманитарлық кө­мек­тің басым бөлігі машина және жаб­­дық­тауға тиесілі: 6,5 млн доллар (7,7 есе өсім). Сондай-ақ жалпы көлемнің 31 пайызын киім мен аяқ киім құраған: 5,9 млн доллар (9 есе өсім). Бұл орайда медикаменттерден тұ­ра­тын гу­ма­нитарлық көмек 2,3 есе қыс­қарып, 1,7 млн долларды құрапты.

Бөлісу:
Қай елдер гуманитарлық көмек жіберді? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар