Футбол
1 мин оқу 260

Суперкубок жеребесі тартылды

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Биылдан бастап жаңа форматта өткелі жатқан футболдан Қазақстан Суперкубогының жеребесі тартылды.</p>

Суперкубок жеребесі тартылды

Елордада өткен жеребе тарту нәти­жесі бойынша, турнирдің жартылай фи­налындағы алғашқы ойын 2 наурызда былтырғы ел чемпионы – «Қайрат» пен күміс жүлдегер Қостанайдың «Тобылы» арасында өтеді. Ал 3 наурызға жоспарланған екінші жартылай матчта Қарағандының «Шахтері» елорданың «Астана» клубымен кім мықтыны анықтайды. Ал үшінші орын үшін өтетін матч 5 наурызда, финалдық кездесу 6 наурызда ұйымдастырылады. Суперкубок ойындары жуырда ғана пай­далануға берілген Түркістандағы «Түр­кістан-Аренада» өтеді.

Айта кетейік, турнирдің жалпы жүлде қоры 40 млн теңгені құрайды (шамамен, 94,7 мың доллар). Ал жеңімпаз атанған клубқа Қазақстан Суперкубогы мен 25 млн теңге (шамамен 59,2 мың доллар) тапсырылады.

Бөлісу:
Суперкубок жеребесі тартылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар