Қысқы спорт
1 мин оқу 141
Халықаралық турнирде алтын алды
<p class="2018-" style="text-align: justify;">АҚШ-тың Юта штатында өткен фрис­тайл-акробатикадан Солтүстік Аме­рика кубогында жерлестеріміз тағы бір алтын медаль олжалады.</p>

Мұхиттың арғы бетінде өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан командасының мүшесі Шерзод Хаширбаев финалдық бәсекеде сәтті өнер көрсетіп, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді. Жерлесіміз алтын жүлде үшін өткен сайыста 95,17 ұпай жинады. Күміс медаль канадалық Эмиль Надоның, қола жүлде америкалық Эрик Крюгердің еншісіне бұйырды. Қазақстандықтар Роман Иванов алтыншы, Ильдар Батрутдинов сегізінші орында.
Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын дәл осы турнирде тағы бір жерлесіміз Жанбота Алдабергенова қарсыластарын шаң қаптырып, алтыннан алқа таққан еді.
Бөлісу: