Түркістан облысында 538 шақырым жол жөнделеді

Түркістан облысында биыл автомобиль жолдары саласында құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 156 нысан қамтылады. Оның ішінде 538 шақырым жол мен елді мекен көшелеріне жөндеу жұмыстары жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов биыл жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 79 пайыздан 81,4%-ға арттыру көзделіп отырғанын мәлімдеді. Облыста автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 17 286,6 шақырымға жеткен.«Өткен жылы жалпы 868 нысан немесе 1 974,8 шақырым жол мен елді мекен көшелері құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Жыл қорытындысымен 828 нысан, тиісінше 1 525,4 шақырым жол пайдалануға берілді. Бұдан өзге, былтыр облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойына 16 шақырым – веложол, 110,2 шақырым – аяқжол, 4 621 дана жарық шамдар орнатылды», деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдай салдарынан су басқан 47,6 шақырым жол мен 4 көпірге, ал Төлеби ауданында жауған жауын салдарынан зақымданған 14 шақырым жол мен су шайып кеткен 3 көпіргежөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалпына келтірілген.
Түркістан облысы