Спорт
1 мин оқу 255

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Испанияда жаттығу жиынына қатысып жатыр

<p style="text-align: justify;">Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Испанияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Бұл туралы&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.</p>

Құрама команда Испанияның Ампоста аймағында спорт базаға аттанды. Аталған жаттығу жиыны жаңа маусымға дайындық үшін өте маңызды. Қазақстан құрамасы Испания командасымен бірлескен жаттығуға қатысады.

Сондай-ақ Перу құрамасымен де шеберліктерін шыңдайды. Испания жерінде Руслан Құрбанов, Дмитрий Алексанин, Эльмир Алимжанов және Вадим Шарлаимов дайындықтарын пысықтайды.

Бөлісу:
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Испанияда жаттығу жиынына қатысып жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар