Спорт
1 мин оқу 134

Дмитрий Попко Италиядағы турнирді сәтті бастады

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Дмитрий Попко Италиядағы Бьелла челленджер турнирін сәтті бастады. Бұл туралы <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.</p>

Дүниежүзілік рейтингте 170-орында тұрған Д.Попко алғашқы айналымда әлемнің 88-інші, осы доданың 2-ракеткасы, америкалық Себастьян Кордамен күш сынасты.

Қазақстандық теннисші 6:4, 6:3 есебімен екі партияда жеңіске жетті. Бәсеке 1 сағат 10 минутқа созылды. Д.Попко ширек финалға шығу үшін әлемнің 187-ракеткасы, латвиялық Эрнест Гулбис немесе рейтингте 373-сатыдағы италиялық Рауль Бранкаччионың біреуімен таласады.

Айта кетейік, Италиядағы дода 21 ақпанда аяқталады.

Бөлісу:
Дмитрий Попко Италиядағы турнирді сәтті бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар