«Қарасу» шағынауданындағы отбасы аллеясын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Шымкент қаласындағы «Қарасу» шағынауданы «Отбасы» аллеясын абаттандыру бойынша эскиз жоба әзірленді. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін алдағы уақытта сметалық құжаттама әзірленіп, қаржы қаралған жағдайда абаттандыру жұмыстары атқарылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Отбасы аллеясының жанындағы иттерге арналған алаңды абаттандыру бойынша эскиз әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған орын Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының меншігінде. Алдағы уақытта сметалық құжаттама дайындалып, қаржы қаралған жағдайда абаттандыру жұмыстары қолға алынады.
Аталған ит ойнақ жерінің көлемі – 1538 шаршы метр. Онда күнделікті шамамен 30-35 тұрғын иттерімен серуендейді. Және аумағында 21 көпқабатты тұрғын үй орналасқан.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов Отбасы аллеясын абаттандыру арқылы «Қарасу» шағынауданы тұрғындарының серуендеуіне қолайлы орта қалыптасатынын айтты.