Қазақстан
1 мин оқу 183

Ақылы жолдардан түсім артады

<p style="text-align: justify;">Ақылы автомобиль жолдарының қол&shy;даныстағы 4 учаскесінен бюджет&shy;ке түсетін түсім 5,7 млрд теңгені құра&shy;мақ. Дәл осындай қаржы биыл қол&shy;даныстағы ақылы учаскелерден жиналады деп болжануда.</p>

Ақылы жолдардан түсім артады

Былтырғы жылдың қорытындысы бойын­ша елімізде бірқатар ақылы күре жолдары жұ­мыс істей бастады. Оның ішінде «Нұр-Сұлтан – Щучинск» (211 шақырым) – 1,67 млрд теңге; «Нұр-Сұлтан – Теміртау» (134 ша­қырым) – 1,91 млрд теңге; «Алматы – Қор­ғас» (295 шақырым) – 1,03 млрд теңге; «Ал­маты – Қапшағай» (42 шақырым) – 1,12 млрд теңге табыс түсірді.

Бұдан бөлек, биыл бірінші тоқсанның соңына дейін төлем өндіру жүйесі рес­пуб­ликалық маңызы бар жолдардың 5,8 мың шақырымына енгізілмек. 2025 жылға қа­рай ақылы жолдардың қатарына тағы 5,2 мың шақырым жол қосылмақ. Осылайша, Қа­зақ­стан­дағы ақылы жолдардың ұзындығы 11,7 мың шақырымды құрайтын болады.

«Жобаны сәтті іске асыру арқылы ақы­лы жолдар өз шығынын өзі өтейтін болады. Демек бұл автомобиль жолдарын күтіп-ұс­тау үшін мемлекет бюджетінен қар­жы­лан­дыруға қажеттілік болмайды. Бұдан бө­лек, жобаны жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарын ашуға да сеп болғанын айтып өту керек. Мәселен, қазірге дейін 1 200 қа­зақ­стандық екі қолға бір күрек тауып отыр», деп хабарлайды Индустрия және ин­фрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз-қызметі.

Бөлісу:
Ақылы жолдардан түсім артады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар