Қоғам
1 мин оқу 280

Пойызда дүниеге келді

<p style="text-align: justify;">Күні кеше &laquo;Сарыағаш &ndash; Нұр-Сұлтан&raquo; бағытындағы №85 жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді.</p>

Пойызда дүниеге келді

2021 жылдың 14 ақпанында пойыз жолаушысы Анастасия Гранкина «Тараз – Павлодар» бағыты бойынша жолға шық­қан. Жол бойында Киік-Босаға учаскесінде жолаушы №11 ва­гон­ның жолсерігі Ұлтуар Ибра­­гимовадан көмек сұрап, жүк­тіліктің тоғызыншы айын­да екен­­дігін және толғағы бастал­ған­дығын хабарлады.

Пойыз бригадасының қызмет­керлері босанған әйелге алғашқы көмек көрсету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады. Жақын стансаға жедел жәрдем шақырылды. Медицина қыз­меткерлері келгенге дейін пойыз бастығының міндетін атқарушы Алдияр Теңгешев пен штаб ва­гонының кезекші жолсерігі Зина Күнісбаева жолаушыға босану кезінде көмек көрсетті.

14.53-те Ақадыр стансасына жақындаған шақта дүние есігін ашқан қыз баланың Әмина деп есімін қойды.

Пойыз Ақадыр стансасына келгеннен кейін жедел жәр­дем қызметкерлері жаңа туған нәресте мен анасын қарап шық­ты. Баланың жағдайы қанағат­танарлық болды, анасы ауру­ханаға жатқызудан бас тартты және олар соңғы стансаға дейін жол жүріп кетті.

Бөлісу: