Өнер
2 мин оқу 640

Көңіл баураған көгілдір бояулар

<p style="text-align: justify;">Суретшіні өзгелерден даралап тұратын басты қасиет табиғаттың тылсым бояуларын сезіну дейтін болсақ, Анар Әбжанованың кенебінде табиғат сұлулығы мен тіршілік келбеті түс арқылы көрініс табады. Алматыда қылқалам шеберінің &laquo;Көк түстің 50 реңі&raquo; деп аталған жеке көрмесі ашылды.</p>

Көңіл баураған көгілдір бояулар

«Қазақстанның 100 жа­­ңа есімі» қатарына енген Анар Әбжанова – Қазақ­стан Су­ретшілер одағының мү­шесі. Өнерді өмір деп білетін ол бұған дейін де көрермен қа­уымға өзінің он­даған жеке көрмесін ұсынып үлгер­ді. АҚШ, Чили, Франция, Ита­лия, Ресей мемлекеттерінде өткен халық­ара­­лық байқау­лар мен пленэрлерде қол­таң­басын қалыптастырып, шы­­ғар­машылығын ұдайы дамытып келеді. «Шабыт» фес­ти­валінің лауреаты.

Түстердің тілін терең түй­сінетін туындыгер табиғат бояу­ларын көңілге көшіріп алған дерсіз. Есту қабілетінен қағажу көрсе де жарық әлем­нің алуан түрлі бояуын өте нәзік түрде сезініп, сол се­зіне білген дүниесін кенеп бетінде шебер айшықтайтын Анар­дың арманы қазақ бейнелеу өнерінде өз қолтаңбасын қалдыру. Жас талант табанды еңбек пен кіршіксіз көңіл ғана өмірді жарқын түске бояйды деп есептейді.

п

– Шығармашылық кешім «Көк түстің 50 реңі» деп жай­дан-жай атал­ған жоқ. Шындығында да менің бар­лық жұмыстарыма тән ортақ та негізгі рең – көк түс. Оның үс­тіне көк түс өзім үшін өнердегі негізгі де ұнам­ды түстің бірі. Көрмеге майлы және акрилді бояу­лармен салынған 60-тан астам туын­дым қойылды, – дейді автор.

Анар Алматы қаласының қысқы көріністеріне арналған суреттер топ­тамасында осы көк түстің рең-қасиеттерін мо­лынан пайдаланған. Ашық та қанық, таза көк түс ар­қы­лы қысқы аязды, алмалы ша­һардың ауа райын, ақ қар­дан сырға тағынған ағаш­тар мен ақ сәлде оранған ғи­­мараттарды дәл бедерлеген. «Кешкі сәт. Достық даң­­ғылы», «Қысқы жылы күн. Бөгенбай батыр көшесі» тә­різдес шығармаларында су­ретші түрлі түстер арқы­лы Алматының әсем бей­несін айшықтай келе, талай естеліктер тұнған таныс көшелерді көрермен кө­ңіліне барынша жақын етіп көрсетуге күш салады.

ы

Айтулы өнер жәрмеңкесін қала тұрғындары мен қо­нақтары Достық даң­ғылында орналасқан «Алматы әуен­­дері» мекемесінің Almaty Gallery көр­месінен тегін тамашалай алады.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Көңіл баураған көгілдір бояулар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар