Бокс
1 мин оқу 130

14 айдан кейін рингке оралмақ

<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="letter-spacing: -.2pt;">Бірінші жартылай орта салмақта жұды&shy;рықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0-1, 21 КО) өзінің ке&shy;зекті жекпе-жегін 20 ақпанда өткі&shy;зеді. Бұл туралы америкалық Boxingscene.com басылымы хабарлады.</span></p>

14 айдан кейін рингке оралмақ

Басылымның мәліметі бойынша қазақ боксшысының қарсыласы 33 жастағы ганалық «the Мiracle» (ғажайып, сиқыр) лақап атына ие Ободай Саи (35-3-1, 26 КО) болмақ. Жекпе-жек АҚШ-тың Майами қаласында өтеді деп жоспарланған. Осылайша, Қанат Ислам 14 ай үзілістен кейін үлкен рингке қайта оралады. Ең кейінгі кездесуін ол 2019 жылы Алматыда өткізіп, WBO International титулы үшін айқас­та намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) жеңген еді. Бұған дейін шетелдік басылымдар Қ.Исламның мексикалық Хайме Мун­гиямен (36-0, 29 КО) жұдырықтасуы мүм­кін екенін хабарлаған еді.

Бөлісу:
14 айдан кейін рингке оралмақ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар