Коронавирус
1 мин оқу 340

Шетелден келген бір жолаушыдан коронавирус анықталды

<p style="text-align: justify;">Санитариялық - эпидемиялық бақылау комитеті өткен тәулікте халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат таратты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өткен тәулікте Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальта, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.

1 972 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 759 адам, анықтамасыз 213 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 622 жолаушы, анықтамамен - 1 413, анықтамасыз - 209;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 350 жолаушы, анықтамамен - 346; анықтамасыз - 4.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Анықтамасыз келген 383 Қазақстан азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Мале – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

Бөлісу:
Шетелден келген бір жолаушыдан коронавирус анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар