Аймақтар
1 мин оқу 553

Алматыда тергеу изоляторынан сотталушы қашып кетті

<p style="text-align: justify;">Алматыдағы тергеу изоляторынан сотталушы адам қашып кетті,&nbsp;деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Төтенше хабарлама әлеуметтік желіде 17 ақпан күні таңертең пайда болды. Онда сотталушының 15 ақпанда қашып кеткені айтылған. Сол күні сағат 15-тен 17-ге дейін ол адвокатпен кездесуде болады. Кездесуден кейін ол дәретханаға баруға сұранады, содан кейін кездесуге арналған бөлмеде жасырынады. Ол арадан шамамен сағат 20:30-да шығып, әкімшілік ғимараттың акт залындағы апаттық жағдайға арналған есіктің темір құлпын сындырып, мекеменің әкімшілік ғимаратына қарама-қарсы орналасқан 1,5 метрлік қоршаудан секіріп қашып кеткен.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ҚАЖ бұл ақпаратты растады.

«Биыл 15 ақпанда сотталушы 1987 жылғы Д.Т.Давутов ЛА-155/18 мекемесінен (тергеу изоляторы) қашып кетті. Аталған факті бойынша Алматы қалалық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 426-бабы (Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан немесе күзеттен қашу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін ҚАЖ комитеті басшылығының басшылық етуімен қызметтік тексеру тағайындалды, оның нәтижелері бойынша лауазымды адамдарға қатысты тиісті шаралар қолданылады», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Алматыда тергеу изоляторынан сотталушы қашып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар