Аймақтар
1 мин оқу 1,024

Баянауыл ұлттық саябағында сілеусін көзге түсті

<p style="text-align: justify;">Әлеуметтік желілерде Баянауыл ұлттық саябағында жүрген сілеусіннің видеосы таралған еді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының Экскурсия жөніндегі нұсқаушы мемлекеттік инспекторы Алтынбек Құрманов саябақта сілеусін де, бұлан, арқар, қабан да бар екенін атап өтті. Олардың бәрі ерекше қорғалған. 

– Бізде мониторинг жүргізетін ғылыми бөлім бар. Күн сайын қызметкерлер көрген аңдарына есеп жүргізіп, ғылыми бөлімге тапсырып отырады. Бізде мекендейтін аңдардың қанша бар екенін, олардың азығы бар-жоғын анықтап отырамыз, – дейді Алтынбек Құрманов.

Инпектордың айтуынша, қыс айларында саябақта аңдар саны көбейеді.

– Сілеусіндер тауда қоян аулап жейді. Өз бетімен өмір сүре алады. Азығы бар болған соң жүр. Жалпы, Баянауылда қыс айларында демалушылар болмайды. Сондықтан аңдардың көбі келе бастайды. Жазда даңғыр-дүңгір музыка болады. Аңдар тыныш жаққа кетіп қалады, – дейді Алтынбек Құрманов.

Бөлісу:
Баянауыл ұлттық саябағында сілеусін көзге түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар