Аймақтар
1 мин оқу 560

Кеспей ота жасау әдісі Алтайға жетті

<p style="text-align: justify;">Жуықта Алтай ауданының орталық аудандық ауруханасында ангиографтың жұмысы іске қосылды. Осыдан былай, рентгендік эндоваскулярлық әдісін қолдана отырып, скальпельсіз операция жасалады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Кеспей ота жасау әдісі Алтайға жетті

Енді науқастарға облыс орталығына барудың қажеті жоқ, көптеген операциялар ауданда  жасалады. Науқастарға мұндай операцияны дәрігер-интервент Дамир Маратұлы Жүнишанов жасайды. Аудандық ауруханада жоғары технологиялық ангиографиялық жабдықпен қамтамасыз етілген.

– Кез-келген инфаркт, егер осылай емделмесе, жүрек бұлшықетінің некрозына және өлімге әкелуі мүмкін. Қазір бізде стенокардиямен ауыратын 61 жастағы науқас ем алып жатыр. Бұл әдіс оның ишемиясы бар-жоғын, буындарының жұмыс істеуін, тамырлардың тарылғандығын анықтауға мүмкіндік береді. Қажет болса, стент орнатылады. Мамандарды дайындау үш жылға жуық уақытты алады. Бірақ біз көп күте алмаймыз, сондықтан ауданға облыс орталығынан арнайы дәрігер-интервентті шақырдық. Наурыздан бастап бүкіл жылдық көлемді толығымен қамтуды жоспарлап отырмыз. Әзірше Алтай тұрғындарына ғана операциялар жүргізіледі. Бірақ жақында ангиограф толық қуатта жұмыс істей бастайды, – деп түсіндірді аудандық аурухананың бас дәрігері О. Нұркенов.

Бөлісу:
Кеспей ота жасау әдісі Алтайға жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар