Аймақтар
1 мин оқу 454

Атырауда үшінші қабатта айқайлап жүрген адам ұсталды

<p style="text-align: justify;">Атырауда полиция қызметкерлері салынып жатқан құрылыс нысанының үшінші қабатында жүрген адамды ұстады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда үшінші қабатта айқайлап жүрген адам ұсталды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 102 операторына 16 ақпанда сағат 15:17 шамасында ер адамның 3-ші қабатта айқайлап тұрғаны туралы хабарлапты.

«Мақат ауданының 39 жастағы тұрғыны Атырау қаласындағы «Алмагүл» шағын ауданында салынып жатқан құрылыс нысанының 3-ші қабатына шығып кеткен. Ол наркологиялық сараптамадан өткізілді. Нәтижесінде оның спирттік ішімдік ішпегені белгілі болды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 434-бабымен (Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) әкімшілік хаттама толтырылды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Бөлісу:
Атырауда үшінші қабатта айқайлап жүрген адам ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар