Қазақстан
1 мин оқу 300

Жыл сайын екі мыңнан аса көлік өрті тіркеледі

<p style="text-align: justify;" align="justify">Елімізде жыл сайын орташа есеппен автокөлік құралдарында 2 мыңнан астам өрт тіркеледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Тек 2020 жылдың 12 айында автокөліктерде  2 216 өрт орын алды, шығыны 618 млн теңгені құрады.

2021 жылдың қаңтар айында автомобиль көлігінде 210 өрт болды, оның шығыны 88 млн.теңгені құрады. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде өрттер саны 2 есе артты (2020 ж. – 110), материалдық залал 5  есе өсті (2020 ж. - 15 млн.теңге).

Автокөліктегі өрттердің негізгі үлесі жеңіл көлікке тиесілі, атап айтқанда 187 жағдай немесе көліктегі өрттердің жалпы санының 89%-ын құрайды.

Өрттердің жалпы санының 15-20%-ын автокөлік құралдарындағы өрт құрайды және соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй секторындағы өрттерден кейін жиілігі бойынша тұрақты екінші орынды алады.

Бөлісу:
Жыл сайын екі мыңнан аса көлік өрті тіркеледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар