Аймақтар
1 мин оқу 315
Атырауда екі жобаның құны 817 млрд теңгені құрайды
<p style="text-align: justify;">Биыл Атырауда Индустрияландыру картасы аясында 817 млрд теңгенің екі жобасын іске қосу көзделіп отыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, бұл жобаларда 570 жұмыс орны ашылады.
«Былтыр Индустрияландыру картасы аясында 7 жоба іске қосылып, 580 жұмыс орны ашылды. Сондай жобалардың қатарында «Доктор Хаус» ЖШС-нің медициналық бетперде шығару өндірісі, «Бұйырғын» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің құс етін өндіретін фабрикасы мен «Бест Модуль» ЖШС-нің металлдан модульдік ғимарат жасау цехы бар» деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Бөлісу: