Аймақтар
1 мин оқу 140

Шарапаты мол жоба

<p style="text-align: justify;">Көкшетауда тағы бір отбасы баспаналы болды. Облыс орталығындағы Науан хазірет атындағы орталық мешіт пен &laquo;Зекет&raquo; корпоративтік қайырымдылық қоры &laquo;Ел үлесі &ndash; пәтерге!&raquo; жобасы аясында қала тұрғыны Нұрлан Әбенұлына екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.</p>

Шарапаты мол жоба

Өзі де өзгеге жанашыр­лық жасауға ұмтылып тұра­тын имам Нұрлан Әбен­ұлы­ның отбасы үшін ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Алты бірдей перзентін тәрбиелеп отырған ата-ана баспаналы болған сәтінде ақ алғыстарын жаудырып, ризашылықтарын білдірді.

Өңірде жақсылық шарапатымен талай жанның ал­ғысын иеленіп келе жат­қан бұл жоба бойынша бүгінге дейін 15 отбасы жайлы пә­термен қамтылып отыр. Қа­зақ­стан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысындағы өкіл имамы Қуаныш Сәбиттің айтуына қарағанда, шарапаты мол жоба аясында еліміз бо­йын­ша бүгінге дейін мұқ­таж адам­дарға 349 пәтер сый­ланған екен. Игі бастама ал­­дағы уақытта да жалғасын таппақ.

КӨКШЕТАУ

Бөлісу:
Шарапаты мол жоба · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар