Мемлекеттік театр «COVID-19» атты жаңа туындыны ұсынады
<p>«Astana Musical» мемлекеттік театры «COVID-19» атты жаңа туындыны ұсынады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>7</p>
Спектакльдің атауы айтып тұрғандай, басты назарда – 2020 жылдың ең танымал сөзіне айналған «COVID-19» мәселесі. Қойылымда ойдан шығарылған кейіпкерлер мен үйреншікті пафосқа толы образдар жоқ. Туынды толығымен өміріміздің қазіргі болмысын көрсететін шынайы оқиғаларға негізделген. «COVID-19» хореографиялық спектаклі – бұл мәңгілік құндылықтар туралы пайымдаулар, адамдардың карантин кезіндегі ішкі ой-толғанысы, санамыздағы өзгерістер, көпшіліктің қисынсыз әрекеттері мен ойға қонымсыз түсініктері, соның нәтижесінде жақындарынан айырылған азаматтардың қайғы-қасіреті...
Әлемді күрт өзгерткен COVID-19» пандемиясы бізді өзгерте алды ма? Сақтық шаралары мен шектеулерге дейінгі өмір қайта орала ма? Осы және өзге де өзекті сауалдардың жауабын көрермендер «COVID-19» атты хореографиялық спектакльден табады.
Спектакльдің режиссер-хореографы – «Astana Musical» театрының артисі Анель Мырзағұлова, музыкалық туындыларды «Astana Musical» артисі Ақжол Өмірзақов жазған.
Театрдың көркемдік жетекшісі Есләм Нұртазин.
Жаңа қойылым 26-27 ақпанда сағат 19.30-да «Қазақстан» ОКЗ-да (Мәңгілік ел, 10/1) өтеді.