Құжат айналымының виртуалды қызметі оңтайландырылды
<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік органға жіберілген хаттың жай-күйі туралы ақпаратты енді Telegram мессенджеріндегі арнайы чат-боттан көруге болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.</p>
Бүгінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Telegram мобильді қосымшасы алаңында құрылған «KGD_kantselyariya» виртуалды көмекшісінің жаңа қызметін пайдалануға ұсынып отыр.
«KGD_ kantselyariya» виртуалды көмекшісі құжат айналымы мәселесі бойынша салық төлеушілерге ыңғайлы болуы үшін құрылған. Оның көмегімен өтінініш иесі мына ақпаратты жедел алуына болады:
- өтініштің кіріс нөмірі мен күні;
- Комитеттің өтінішке берген жауабының шығыс нөмірі мен күні;
- салық төлеушінің жүгінуі бойынша Комитеттің жауапты орындаушысының деректері (аты-жөні және телефон нөмірі).
Бұл ақпаратты алу үшін:
- аты-жөнін немесе ұйымның толық атауын;
- өтініш берілген күні мен шығыс нөмірін чат-ботта жазу қажет.
Аталған қызметті жұмыс күндері (сенбі мен жексенбіні қоспағанда) сағат 9:00-ден бастап 18:30-ға дейін пайдалануға болады.