Коронавирус
1 мин оқу 170

Шетелден 415 қазақстандық анықтамасыз келді

<p style="text-align: justify;">Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті өткен тәулікте халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат таратты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өткен тәулікте ел аумағына Германия, Франция, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді.

1 780 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 365 адам, анықтамасыз 415 Қазақстан азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 872 жолаушы, анықтамамен - 850, анықтамасыз - 22;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 560 жолаушы, анықтамамен - 322; анықтамасыз - 238;

Қарағанды қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 8 жолаушы анықтамамен келген;

Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 243 жолаушы, анықтамамен - 88; анықтамасыз - 155;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 53 жолаушы анықтамамен келген;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 44 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Анықтамасыз келген барлық 213 Қазақстан азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Бөлісу:
Шетелден 415 қазақстандық анықтамасыз келді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар