Қазақстан
1 мин оқу 641

Атырауда 11 мың тонна балық экспортқа жіберілді

<p style="text-align: justify;"><br />Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәлім етуінше, өткен жылы өңір балықшылары аулаған өнім 11 мың 600 тонна балықты құрады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Атырауда 11 мың тонна балық экспортқа жіберілді

Ауланған балықтың 11 мың тоннасы өңделіп, оның 98 проценті шетел нарығына экспортқа жіберіліпті. Қазір балық шаруашылығы саласында 4 800 адам жұмыс істейді.

«Өңірде балық шаруашылығы саласын дамыту үшін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне 8 жоба ұсынылды. Оның қатарында тоған шаруашылығын дамытуға бағытталған 6 жоба бар. Сондай-ақ, балық шабағын өсіру, балық шабағын өсіру зауытын кеңейту жобаларын іске асыру жоспарланып отыр»‚ дейді Махамбет Досмұхамбетов.

Бөлісу:
Атырауда 11 мың тонна балық экспортқа жіберілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар