Тоғыс тұрғын алабындағы мектеп құрылысы шілде айында аяқталады
<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар білім және әлеуметтік нысандардың құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Шаһар басшысы алдымен Тоғыс тұрғын алабында орналасқан №120 жалпы орта мектептің қосымша 300 орындық оқу корпусының құрылысын бақылады.
Жер телімінің жалпы ауданы – 4,88 га. Жоба құны – 934 734,8 мың теңге. Жауапты мердігер мекеме – «ЖАҢА АРНА 2002» ЖШС. 2020 жылы 380 000,0 мың теңге қаржы игерілсе, биылға қаралған қаржы көлемі – 555 107,0 мың теңге.

2019 жылы қазан айында басталған мектеп құрылысын биыл шілде айында аяқтау жоспарланған. Айта кетейік, 2021 жылы қалада 32 білім беру нысандарының құрылысы жүргізіледі.