Аймақтар
1 мин оқу 322
«Тұран» шағынауданындағы мектеп құрылысы қарқынды жүргізілуде
<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласының «Тұран» шағынауданында 1200 орынға арналған мектеп құрылысы қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Бас мердігер «АРТ-құрылыс» ЖШС құрылыс жұмыстарын 2019 жылы бастаған болатын.
Қала әкімі М. Әйтенов мемлекет есебінен салынып жатқан білім нысанының құрылыс барысын пысықтады. Бүгінге дейін жалпы игерілген қаржы көлемі – 921 000,0 мың теңге.
Мердігер мекеме әлеуметтік нысанды биыл шілде айында тұрғындар игілігіне беруді жоспарлап отыр.
Бөлісу: