Жамбылдық полицейлер марихуана сатушысын ұстады
<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері талдау барысында Тараз қаласының аумағында «Марихуана» есірткі құралын сатқан 34 жастағы Тараз қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
Есірткі сатушыны ұстау кезінде тұрғылықты жерін және жеке тінту кезінде жалпы салмағы 1 келі 600 г «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді.
Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, оған қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) және 297-бабы1-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.