Шығыс Қазақстанда жол-көлік апаты болды
<p style="text-align: justify;">Кеше, 17 ақпан күні сағат 10:00 шамасында «Омбы – Майқапшағай – Тасбастау – Ақжар» тас жолының 33 шақырымында LADA автокөлігінің жүргізушісі жолдағы метеорологиялық жағдайды ескермей, қарсы келе жатқан КамАЗ автокөлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Оқиға салдарынан LADA автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі мен жолаушылары Зайсан ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Олардың арасында 2 және 5 жас аралығындағы балалар да болған. Аталған фактіге орай сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша заң аясында шешім қабылданады.
Фотосуретке қарасаңыздар, КамАЗ жүк көлігі шекара қызметіне тиесілі.