Футбол
1 мин оқу 240

Үздіктер бірінен соң бірі жеңілді

<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="letter-spacing: .3pt;">Кеше футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финал ойындарының тағы екі матчы өтті. Португалияның &laquo;Порту&raquo; клубы өз алаңында &laquo;Ювен&shy;&shy;тусті&raquo; жеңсе, &laquo;Севилья&raquo; өз ала&shy;ңында өткен тартысты кездесуде &laquo;Бо&shy;руссия Д&raquo; ко&shy;мандасына есе жі&shy;бер&shy;ді.</span></p>

Үздіктер бірінен соң бірі жеңілді

Италия чемпионатының ең кейінгі ойынында «Наполиден» жеңілген «Ювентустің» бұл жолы «Португе» әлі келмеді. Ал «Пор­ту» төрт тең ойыннан кейін бірінші рет же­ңіске жетіп отыр. Португалиядағы «Дра­­­гау» стадионында өткен матчта алаң иелері екі таймның алғашқы минутында жылдам гол соғып, маңызды жеңісіне қол жеткізді. Атап айтар болсақ, 1-минутта Мехди Тареми, 46-минутта Мусса Марега мер­гендігімен көзге түсті. Қонақтардан 82-ми­нутта Федерико Кьеза бір голмен жауап қатты.

Қатар өткен екінші матчта «Боруссия Д» қонақта «Севилья» клубынан 3:2 есебімен басым түсті. Дортмундтық командадан Эрлинг Холанд дубльдің авторы атанса, Махмуда Дауда командасының үшінші голын соқты. Испаниялықтардан Сусо мен Люк де Йонг өз аттарын таблоға жаздыртты.

Бөлісу:
Үздіктер бірінен соң бірі жеңілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар