Аймақтар
1 мин оқу 153

Нұр-Сұлтан мен Павлодар бағытындағы жол жабылды

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан мен Павлодар бағытындағы жол жабылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.</p>

«19 ақпанда сағат 08:15-те ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, боран, жолдың көрінбеуі) «Нұр-Сұлтан-Павлодар» республикалық жолдың 16-200 шақырымы Нұр-Сұлтан қаласынан Ерейментау қаласы мен Шідерті кентіне дейінгі аралықта автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды» делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Нұр-Сұлтан-Петропавл» республикалық жолының 18-231 шақырымы Нұр-Сұлтан қаласы мен Щучинск аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.

Бөлісу:
Нұр-Сұлтан мен Павлодар бағытындағы жол жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар