Полицейлер кезекті көкпардың үстінен түсті
<p style="text-align: justify;">Түркістан облысының полицейлері кезекті көкпарды анықтады, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Еgemen.kz</a></p>
Кезекті рейд барысында, күндізгі сағат 13:30 шамасында Мақтаарал ауданы Мырзакент кентіне бекітілген учаскелік полиция инспекторлары Мақтаарал ауданы бойынша құрылған мобильді топпен бірге Бірлік ауыл әкімшілігі Пернебаев ауылына қарасты егістік алқапта 60-қа жуық адамның басын қосып, көкпар ұйымдастырып жатқанын анықтады.
Тәртіп сақшылары көкпарға жиналған қауымды тарқатты.
Бұдан бөлек, адамдардың көптеп жиналуына жол берген жоғарыда аталған көкпар ойынының ұйымдастырушысына ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша әкімшілік құжаттар жинақталды. Жинақталған құжаттар заңды шешім қабылдау үшін СЭС-ке жолданды.