Қазақстан
1 мин оқу 226
Мұхтар Тілеуберді Өзбекстанның Сыртқы істер министрімен кездесті
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапармен келген Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Сұхбаттастар екіжақты қарым-қатынастарды және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, қазақ-өзбек стратегиялық серіктестікті тереңдетудегі өзара ықыласын растады. Олар аса жоғарғы және жоғары деңгейдегі байланыстардың одан әрі кеңейту маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, тараптар кездесуде 2021 жылдың бірінші жартысында жоспарланған екіжақты іс-шаралар кестесін қарастырды.
Бөлісу: