Қазақстан
1 мин оқу 100

Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа чат ботты іске қосты

<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік кірістер комитеті 2021 жылдың 18 ақпанда ЕАЭО елдерінен, мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде расталмаған импорт бойынша тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) растау процесін оңтайландыруға мүмкіндік беретін, Telegram мессенджерінде чат-бот іске қосылғанын хабарлады.</p>

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды растау үшін мәліметтер жіберілген кезде, чат-бот тауарларды әкелу жүзеге асырылған өткізу пунктінің қызметкерлеріне деректерді автоматты түрде қайта жібереді.

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері растаған сәтте, чат-ботқа растау туралы хабарлама келеді.

«Telegram мессенджеріндегі чат-ботқа қосылу үшін
@snt-approval_bot хэштегін теріп, жұмысты бастау және чат-боттың сұрауларын орындау қажет», деп толықтырды Мемлекеттік кірістер комитетінде.

Бөлісу:
Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа чат ботты іске қосты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар