Аймақтар
1 мин оқу 175

СҚО полицейлері боранда қалған жүргізушілерге көмектесті

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Солтүстік Қазақстан облысында көз ашырмайтын қатты боранның салдарынан полицияның күші жүргізушілерге көмектесуге жұмылдырылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

СҚО полицейлері боранда қалған жүргізушілерге көмектесті

18 ақпан күні сағат 19.00-ден бастап облыста барлық бағыттағы жолдар жабылды. Мамлют ауданында Қорған-Петропавл жолында 70-тен астам жүк көлігі мен жеңіл автомобильдер жиналды. Аудан әкімі Владислав Лукин, аудандық полиция және төтенше жағдай бөлімдерінің басшылығы жағдайды сол жерде бағалап, колонна құруды шешті. Жолды «Қазақавтодор» ЖШС-нің қар тазалайтын машинасы тазалап отырды, ал оны жарқылдауық маягі қосылған патрульдік машиналар алып жүрді. Барлық автокөлік аман-есен Петропавлға жетті.

Төтенше жағдайлар департаменті және жол ұйымдарымен бірге қар құрсауынан 94 адам құтқарылды, оның 9-ы бала, 34 техника эвакуацияланды. Сонымен қатар, жолдардағы бұзушылықтарды анықтау бойынша қарқынды жұмыс жалғасты.

Бөлісу:
СҚО полицейлері боранда қалған жүргізушілерге көмектесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар